Клиникалық медицина атласы
БиблиографияКлиникалық медицина атласы Режим доступа: http://proto.rosmedlib.ru/book/ISBN9785970485231.html
АвторыА. Ф. Томилов ; казак тіліне аударған және жауапты редакторы С. А. Байдурин
ИздательствоГЭОТАР-Медиа
Год издания2024
ПрототипЭлектронное издание на основе: Клиникалық медицина атласы - ISBN 978-5-9704-8523-1.
АннотацияАтласта науқастарды тексерудің ең қиын және маңызды зерттеу әдісі - қарау толык сипатталып, иллюстрацияланған. Көп жағдайда сыртқы белгілер мен симптомдар диагнозды аз уақытта болжауға, ол кейін белгілі бір ауруды анықтауға және оған тиесілі уақтылы ем жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, автор жиі қолданылатын қарау тәсілдерін сипаттайды: антропометрияны, диаскопияны, дерматоглификаны, көрінетін өзгерістерді нақтылауға болатын пальпацияның қарапайым тәсілдері. Әрбір тәсіл сызба мен сурет түрінде берілген. Тірек-қимыл аппаратын және буындық аурулардың симптомдарын зерттеу тәсілдеріне бір тарау арналған. Кітап тек жиі кездесетін аурулардың ғана емес, патология симптомдарының және дамуындағы ауытқулардың сипатталғанымен құнды. Олардың қатарына лимфа түйіндерінің зақымдалуымен лимфа тінінің, терінің, көздің, бадамшалардың ісіктері, қан жүйесінің ісіктері, терілік көріністері бар мастоцитоз, жүйелі склеродермия, васкулиттер, кейбір эндокрин аурулары кірді. Жиі және сирек кездесетін тамыр аномалияларының, дақты және түйінді гамартиялардың суреттері көрсетілген. Реклингхаузен нейрофиброматозының, жетілмеген остеогенездің, парадоксалды липодистрофияның, қиылыспалы гигантизмнің түрлі клиникалық көріністері берілген. Атласта 713 иллюстрация - науқастардың түсті және ақ-қара суреттері, рентгенограммалар, қан жүйесіндегі ісік жасушаларының микросуреттері, кескіндер бар. Бұл басылымды барлық мамандықтағы дәрігерлер мен студент-дәрігерлер дұрыс және уақтылы диагностика жүргізу үшін науқасты қарау мен аурудың сыртқы көріністері жинақталған жүйелі иллюстрацияланған әдістемелі құрал ретінде қолданса болады.
Загружено 2024-10-24 03:27:25